USD
USD
USD

12 жасар шахматшы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Атыраулық 12 жасар шахматшы қыз халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.
12 жасар шахматшы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 12-21 қыркүйекте Ресей Федерациясының Челябинск қаласында халықаралық гроссмейстер В.Панченконы еске алуға арналған халықаралық шахмат турнирі өтті.
 
«Бұл турнирге қатысқан 57 шахматшының арасында 6 гроссмейстер, 30 халықаралық дәрежелі шеберлер бар. Ал, әйелдер арасындағы Ресей кубогының кезекті кезеңі болып есептелетін турнирде атыраулық шахматшы Зарина Нұрғалиева 13 жасқа дейінгі қыздар бәсекесінде жеңімпаз атанды. Осы жеңісінен кейін қазақстандық жас шахматшы ФИДЕ рейтингінде 140-сатыға көтеріп, 1950 ұпайға қол жеткізді. Ол енді Санкт-Петербург пен Ташкент қаласында шахматтан өтетін халықаралық фестивальге қатысып, рейтингтік ұпайын 2100-ге жеткізуді көздеп отыр. Бұл – ФИДЕ шебері нормативінің деңгейі» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы