USD
USD
USD

12 жасар әлем чемпионы жыл үздігі атанды

Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында жылдың үздік спортшылары марапатталды.

12 жасар әлем чемпионы жыл үздігі атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл 11 жасында батуттық гимнастикадан Бакуде өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Ислам Қабдоллов «Жыл серпілісі» аталымымен марапатталды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың айтуынша, биылғы жыл өңір спортшылары үшін жемісті болды. Соның ішінде жуырда, Тәуелсіздік күні 12-ге толған Ислам жасөспірімдер арасында өңірде алғаш рет спорттық акробатикадан әлем чемпионы атанды.

«Ислам Қабдоллов болашағынан үлкен үміт күттіреді. Біз осындай жас жеткіншектерімізді қолдауымыз керек. Ислам бапкері Альберт Тілепқалиевпен бірге әлі талай жеңіске қол жеткізеді деп ойлаймын», – деді Қ.Есендияров.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net