USD
USD
USD

12 пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ағайынды екі жігіт ұсталды

Алматыда ағайынды екі жігіт 12 пәтерге ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ағайынды екі жігіт ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Күдіктілер – 1979 және 1986 жылы туған ағайынды азаматтар, олар негізінен Әуезов және Бостандық аудандарында күндіз домофон арқылы пәтерге қоңырау шалып, бос пәтерлерді іздеген. Домофон қоңырауына ешкім жауап бермесе олар кіреберістерге, содан кейін тұрғын үйдің ішіне кіріп кетіп жүрген. Ал кешкі уақытта олар шамдары өшірулі пәтерлерді таңдаған. Қаскөйлер тек ақша, әйелдердің күзен тондарын, алтыннан жасалған бұйымдарды, бас киімдер, ноутбуктер, сөмкелер ​​және басқа да көлемді емес, бірақ құнды тұрмыстық заттарды алып кетумен айналысқан “, – деді Алматы қаласының ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров. Тергеу барысында ұсталған азаматтардың осыған ұқсас 12 қылмысты жасауға қатыстылығы дәлелденді. Тергеу іс-шаралары ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі (Ұрлық) бойынша өткізілуде. Айғақ заттар тәркіленді. Күдіктілердің Алматы қаласының аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

жанабыловтар

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы