USD
USD
USD

12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Еліміздің 12 өңірінде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты.

12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі жұмыс істейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 7-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Сондай-ақ 12 шет мемлекеттегі ҚР өкілдіктері жанындағы 12 учаскеде дауыс беру басталды. ҚР-да барлығы 10 060 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде 66 сайлау учаскесі - 53 шет мемлекеттердегі өкілдіктер жанында», - деді ол.

Оның атап өтуінше, «ҚР-дағы Сайлау туралы» Конституциялық заң аясында аумақтық сайлау комиссиялары қабылдаған шешімдерге сәйкес 47 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6-да басталды. «Уақыт белдеулерінің шекарасына сәйкес, 5 өңірде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7-де, яғни, Нұр-Сұлтан уақытымен 8-де басталады», - деді Асылбек Смағұлов.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян