Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

1,2 млн теңге жалған ақша анықталды

Қазақстанда биыл жалпы сомасы 1,2 млн теңгені құрайтын 381 жалған банкнот анықталды.

1,2 млн теңге жалған ақша анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанда 2020 жылғы жеті ай аралығында жалпы сомасы 1,2 млн теңге құрайтын 381 жалған банкнотасы анықталды. Сонымен қатар, аталған кезеңде жалған монеталарды шығару фактілері тіркелмеді» – деді Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің банкноттарды және монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асхат Әбішев.

Банк өкілі атап өткендей, жалған ақша белгілерінің саны 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46,9 пайызға төмендеді (өткен жылғы көрсеткіш – 718 банкнот және 6 монета).

Жалған банкноттардың басым бөлігі Алматы қаласында анықталды.

Бұл ретте, көбінесе Қазақстанда 2020 жылы номиналы 2 мың (41,47 %) және 5 мың теңгелік (31,5%) банкноталар қолдан жасалған.

Айта кетсек, Қазақстанда жалған банкноттары шығару және сатумен айналысқандар 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге сотталады.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.