USD
USD
USD

1,2 млн теңге пара алған мектеп қызметкерлері ұсталды

Алматыдағы Б.Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің лауазымды тұлғалары заңсыз қаражат алу күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов

1,2 млн теңге пара алған мектеп қызметкерлері ұсталды
Фото: NEGE.kz

мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Б.Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің лауазымды тұлғаларын талапкерді оқуға қабылдау үшін 1,2 млн теңге сомасындағы қаражатты заңсыз алу күдігі бойынша әшкереледі», - деді Қайсар Баржақсынов. Оның атап өтуінше, аталған тұлғалар қылмыс жасағандықтарын толық мойындаған. «Қазіргі таңда қылмыстық іс тергеу сатысында, басқа жағдай тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі