USD
USD
USD

12 мыңнан астам аз қамтылған отбасыға дәрі қобдишалары тегін таратылды

Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясының алдын алу аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін дәрі-дәрмек қобдишалары 15 шілдеден бастап таратыла бастады.

12 мыңнан астам аз қамтылған отбасыға дәрі қобдишалары тегін таратылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Бүгінгі таңда 12 430 атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы дәрі қобдишаларын алды. Жалпы қалада атаулы әлеуметтік көмекті алатын 30 мыңнан астам отбасы бар.

Осы орайда бүгін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова қаладағы төрт аудандық дәрілік қобдишаларды тарату нүктелеріне барып, іс-шараның атқарылу барысымен танысты.

Айта кетсек, дәрілік топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық бетперде, қолға арналған антисептик, ибупрофен және парацетамол дәрісі кіреді. Жиынтықтардың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.