Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

12 маусым – жалпыұлттық аза тұту күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Семей орманы» табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

12 маусым – жалпыұлттық аза тұту күні
Фото: NEGE.kz

«Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Еліміздің қайғысы. Бекем болыңыздар, орны толмас қайғы екенін түсінемін. Сіздерге жан-жақты көмек көрсету жөнінде Үкіметке тапсырма бердім. Үкіметке немесе жеке маған өтініштеріңіз болса, айтыңыздар. Барлық өтінішті орындаймыз.

Фото: Ақорда

Қаза тапқан азаматтар қайтып келмейді. Бірақ өмір жалғасады. Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі жауапқа тартылады. 

Дүйсенбі күнін еліміз бойынша жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар.

Құқық қорғау органдары мен министрлік тарапынан болсын, барлық салалар бойынша тиісті шаралар қабылданады. Бұл жағдайдан міндетті түрде қорытынды шығарамыз», – деді президент.

Қазір оқып жатыр

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов