USD
USD
USD

12 жастағы қарындасын зорлап келген екінші күдікті ұсталды

Бұған дейін кәмелетке толмаған қызға қорлық көрсетіп келген екі ағайындының бірі қашып кеткен еді. 

Мойынқұм ауданы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жамбыл облысында өз қарындасын жылдар бойы зорлап келді деген екінші күдікті ұсталды. Кәмелетке толмаған қызға қорлық көрсетіп келген екі ағайындының бірі қашып кеткен. Ол Шу ауданы маңындағы шаруа қожалығында жасырынып жатқан жерінен қолға түсті. 

Бұған дейін 12 жастағы қыздың алты жыл бойы жыныстық зорлық-зомбылық көріп келгенін бала құқықтары жөніндегі уәкіл хабарлаған. Омбудсмен Динара Зәкиеваның сөзінше, қорлық көрген жеткіншек анасымен бірге әлеуметтік орталыққа жатқызылды. Қазір осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Жедел-іздестіру жүргізіп, Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірінші күдікті ізін суытпай ұсталған болатын», – Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова. 

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком