Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

12 қазақстандық боксшы Астанадағы Бокстан Әлем кубогының финалында бақ сынайды

 Бүгін, 6 шілде күні, елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Бокстан Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетеді. Финалдық бәсекеде Қазақстан атынан 12 боксшы — 6 ер және 6 әйел спортшы алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады.

Бокс
Фото: ҰОК

АЛМАТЫ, NEGE. Күндізгі сессия сағат 14:00-де басталады. Жекпе-жекке шығатын қазақстандықтар: Назым Қызайбай (48 кг) — Минакши Минакши (Үндістан), Махмұд Сабырхан (55 кг) — Руи Ямагучи (Жапония), Нұрбек Оралбай (80 кг) — Ёжерлин Сесар (Франция), Бекзат Нұрдәулетов (85 кг) — Джугну Джугну (Үндістан), Виктория Графеева (60 кг) — Ребека Де Лима Сантос (Бразилия), Наталья Богданова (70 кг) — Лекайша Перголити (Аустралия),Санжар Тәшкенбай (50 кг) — Джей Брайан Барикватро (Филиппин).

Кешкі сессия сағат 19:00-де жалғасады. Финалға өтетін боксшылар:

Алуа Балқыбекова (50 кг) — Пихла Кайво Оджа (Финляндия), Надежда Рябец (75 кг) — Суннива Хофстад (Норвегия), Елдана Тәліпова (80+ кг) — Нупур Нупур (Үндістан), Сабыржан Аққалұұлы (75 кг) — Рами Киюан (Болгария), Айбек Оралбай (90+ кг) — Никита Путилов (Германия).

Финалдық бәсекелерді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамашалауы күтіліп отыр.

Айта кетейік, 30 маусымда басталған бұл жарыс бокстың әлемдік алпауыттары құрған World Boxing халықаралық ұйымының аясында өтуде. Астана кезеңі – жаңа форматтағы Әлем кубогының құрамдас бөлігі. Турнирдің суперфиналы биыл күзде Үндістанда өтпек.

Бұл жарыста жеңіске жеткен спортшылар медаль ғана емес, сонымен қатар рейтингілік ұпайларға ие болып, суперфиналға жолдама алу мүмкіндігін арттырады.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында тексеруден кейін «Светофор» лагері жабылды

Светафор

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд