Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

1,1 трлн теңгеге 160 жоба іске асырылады

Биыл құны 1,1 трлн теңге болатын 160 жоба іске асырылады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Автомобиль Аманияз Ержанов осылай айтты.

1,1 трлн теңгеге 160 жоба іске асырылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Индустрияландыру картасы аясында осы жылдың соңына дейін жергілікті әкімдіктердің ақпараты бойынша 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы 1,1 трлн теңгеге 160 жобаны жүзеге асыру жоспарланған», – деді вице-министр.

Оның дерегінше, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша шамамен 900 жұмыс орны құрылып, жалпы құны 23,7 млр теңгеге 4 жоба іске қосылды.

«Сонымен қатар, коронавирус індеті кезінде жеке қорғаныс құралдарына (ЖҚҚ) деген үлкен сұраныстың артуына байланысты осы бағыттағы 4 жаңа жоба іске қосылды. Олар - ЖКҚ өндіретін «Bizhon» ЖШС және зарарсыздандыру құралдарын шығаратын 3 жаңа кәсіпорын - «Топан» ЖШС, «SARI SUPPLIERS» (Сари суплайерс) ЖШС, «НеоХимТех» ЖК«, - деді Аманияз Ержанов.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат