USD
USD
USD

11 облыста ескерту жарияланды

Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

11 облыста ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 28 мамырда күндіз Алматы облысыныңоңтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Батыста, оңтүстікте, шығыста және облыстың таулы аймақтарында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы секундына 17-22 метр, екпіні секундына 24-29 метр. Алматыда 28 мамырда кешке қатты жаңбыр жауады. Кейде найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Батыстан жел соғады, 28 мамырда таңертең және күндіз екпіні 15-20, кейде секундына 25 метрге жетеді.

28 мамырға қараған түні Түркістан облысының таулы жерлерінде және тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жел 15-20, түнде екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Шымкентте 28 мамырда түнде қатты жаңбыр жауады. Найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 28 мамырда Ақмола облысының шығысында найзағай соғады. Солтүстік-батыстан жел түнде шығыста, күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

28 мамырда түнде Қызылорда облысыныңшығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан келген жел орталықта, облыстың шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Облыс орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында түнде, шығысында, солтүстік-шығысында күндіз найзағай, бұршақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 28 мамырда күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

28 мамырда күндіз Қостанай облысыныңсолтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан күндіз солтүстікте, батыста секундына 15-20 метр жел соғады. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

28 мамырда Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 18 метр болады. 28 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында найзағай соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Жарма, Катонқарағай аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. 28 мамырда Қарағанды облысының орталығында, солтүстік, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, орталықта, облыстың шығысында жылдамдығы 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр.

28 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел түнде шығыста, күндіз солтүстікте, батыста секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Қазір оқып жатыр

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді

Қазақстанда 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары мен мүшелері ұсталды

Есірткі қылмысы