Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

11 нысан Ashyq жобасынан шығарылды

 ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда өңір бойынша Ashyq жобасына 624 нысан қатысуда.

11 нысан Ashyq жобасынан шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның ішінде 80-і тест режимінде жұмыс істеп жатыр. 24 мамыр мен 6 маусым аралығында облыстың 12 кәсіпкерінде келушілерді QR коды бойынша тіркеу жүзеге асырылмаған. «Соған орай 11 бизнес өкілі екі апта мерзімге жобадан шығарылды. Оның ішінде қоғамдық тамақтану орындары, компьютерлік клубтар, бассейндер, фитнес орталықтар, сауналар, спорт залдары, демалыс және курорттық нысандар бар», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, елімізде 26 сәуірде іске қосылған Ashyq жобасы бизнес субъектілерінде коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға бағытталған. Арнайы жасалған қосымша ПТР-дің жалпы базасымен біріктірілген. Бұл әр азаматтың қауіпті дертке шалдыққанын немесе ауырғандармен байланыста болғанын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА