USD
USD
USD

1,1 млрд теңге жымқырғаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған күдікті ұсталды

 Мемлекетаралық іздеу жарияланған Әнуарбек Жексенғалиев ұсталды.

1,1 млрд теңге жымқырғаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қаржылық мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Әнуарбек Болатұлы Жексенғалиевті Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ұстаған. Еске сала кетейік, Ә. Жексенғалиевке 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған. Мұнан бір ай бұрын оған мемлекетаралық іздеу жарияланған еді. «Қаржылық мониторинг агенттігі кәсіпкер Жексенғалиев Әнуарбек Болатұлы және Медетбеков Еркін Қалқабайұлына іздеу жариялады. Олар 1,1 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдіктілер бюджет қаражатын жымқыруды алдын ала сөз байласу арқылы топ болып ұйымдастырған» делінген хабарламада. Сондай-ақ Агенттік іздеу салынған азаматтарға қатысты ақпарат үшін ақшалай сыйақы қарастырылғанын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев