USD
USD
USD

11 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Өткен тәулікте Шымкент қаласында 11 218 адам вакцина алды: I компонент – 5983, II компонент – 5235. 

11 мыңнан астам адам вакцина салдырды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Егу науқаны басталғалы барлығы 130 140 адам вакцинацияланды.



4 мамыр күні КВИ-дің 80 жағдайы тіркелген. 28 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 52 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар. Төсек-орын толымдығы – 51 %, 683 төсек-орын бос.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша 24 мобильдік топ жұмыс атқаруда. 4 мамыр күні 270 нысанға (266 кәсіпкерлік нысан, 4 жеке нысан) тексеру жүргізілді. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қала тұрғындарын бетперделік режимді сақтап, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакцина егу екенін айта кетейік.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.