USD
USD
USD

11 мың адам іздеуде жүр

Қазіргі уақытта 11 133 адам іздеуде жүр, олардың 2 247-і – хабарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті.

11 мың адам іздеуде жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанда іздеуді ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік күзет және жемқорлыққа қарсы қызмет органдары жүргізеді. Барлық іздестіру істерін тіркеуді, сондай-ақ мемлекетаралық ақпараттық деректер қорымен өзара іс-қимылды ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүзеге асырады», – делінген Комитеттің Facebook парақшасындағы хабарламада.

«Із-түзсіз жоғалғандардың басым көпшілігі Алматы қаласында (328), Алматы (308), ШҚО (221) және Қарағанды облыстарында (221). Олардың ішінде көбінесе 30 бен 49 жас аралығындағы ер адамдар (76%) әртүрлі себептермен жоғалған. 1723-і – үйлерінен шығып кетіп оралмаған, 74-і – автокөліктерімен, 36-сы – жұмыстан шығып, келмеген. Сондай-ақ, елімізде тергеуден және соттан жасырынған 2 453 адам іздестірілуде. Жекелей алғанда олардың ішінде алаяқтық (451), ұрлық (270) және кісі өлтіргені (166) үшін Алматыда – 463, Алматы облысында – 245 және Шығыс Қазақстан облыстарында – 203 адамға іздеу салынған.

Олардың арасындағы 89%-ы негізінен 31 мен 40 жастағы ер адамдар», – деп түсініктеме берген Комитетте.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский