USD
USD
USD

11 миллион теңгенің металл пластикалық құбырларын ұрлағандар ұсталды

Жезқазғанда салынып жатқан нысанның аумағынан 11 миллион теңгенің металл пластикалық құбырларын ұрлағандар ұсталды.

11 миллион теңгенің металл пластикалық құбырларын ұрлағандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 12 қаңтары сағат 12:39-да Жезқазған қаласының полиция бөліміне қалада орналасқан салынып жатқан нысаннан белгісіз тұлғалардың металл пластикалық құбырларды ұрлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 11 миллион  теңгеден астам.

Жезқазған қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында металл құбырларды ұрлағанын мойындаған 32 және 37 жастағы Жезқазған қаласының екі жұмыссыз тұрғынын анықтады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, айғақты заттар тәркіленді.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet

Павлодарда Президенттің ел болашағына қатысты кітабы сөз болды

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»

ҰҚК тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталған өзбекстандық профессорға қатысты пікір білдірді

Икболжон Корабоев

Шорт-тректен Азия чемпионы Абзал Әжғалиев спортшы ретінде мансабын аяқтады

Абзал Әжғалиев