Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

11 дәріханада емдік препараттар қымбатқа сатылған

Алматы облысындағы 11 дәріханада емдік препараттар бекітілген бағадан қымбатқа сатылған.

11 дәріханада емдік препараттар қымбатқа сатылған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көбіне сұранысқа ие жұқпалы ауруға қарсы дәрілердің құны негізсіз өсіріліпті. Фармацевтикалық өнім сататындардың бұндай заңсыз әрекетін арнайы тексеріс жүргізген мониторингтік топ анықтады. Құзырлы мекеме өкілдері өңірдегі 150-ден аса дәрі сататын сауда орындарын аралап шыққан. Соның нәтижесінде анықталған кемшіліктерге байланысты тиісті хаттама толтырылды.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің басқарма басшысы Асқар Садықов: "Осы мониторингтің қорытындысы бойынша 11 хаттама толтырылды. Фармбақылау қызметкерлерімен бірлесіп, 130-дан 200 айлық көрсеткішке дейін айыппұл салынатын болады" деді.

Қазір оқып жатыр

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG