USD
USD
USD

11 айда 13,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

  11 айда 13,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

11 айда 13,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті. «Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша оң динамика сақталуда. Есепті кезеңде 13,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 10,6 пайыздыды құрады. Оң динамика 15 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалуда», - деді министр.

Оның дерегінше, ауыл шаруашылығында есепті кезеңде өндірістің 2,5 пайызға төмендеуі тіркелді. «Ең төмен көрсеткіштер Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында байқалып отыр. Саладағы өндірістің оң өсуі 11 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары көрсетті», - деді Әсет Ерғалиев.

Қазір оқып жатыр

Блогер Шайхтың миллион теңгеге сатылған бизнес-турлары тексеріліп жатыр

Еркежан Шайхиева

2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды

Заңсыз субсидия

«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады

Баум тоғайында құлаған ағаш

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін

Ресейге бензин жеткізу