USD
USD
USD

11 адамды қаржы пирамидасына тартып, 3,5 млн теңгені қалтасына басқан

Түркістан облысы полицейлері тұрғындарды алдап, қаржы пирамидасына ақша салдырған алаяқты ұстады , – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 адамды қаржы пирамидасына тартып, 3,5 млн теңгені қалтасына басқан
Фото: NEGE.kz


Aлматы. NEGE. Сарыағаш АПБ кезекші бөліміне 10-нан астам жергілікті тұрғын алаяқтық бойынша арыз түсірген. Олардың айтуынша, өткен жылдың наурыз-мамыр айларында жақсы таныс емес әйел сеніміне кіріп, «бонустық жобаға тіркеп беремін, қосымша табыс табасыздар» деп көндірген. Сөйтіп қаржы пирамидаларының біріне ақша салдырып, соңында жоқ болып кеткен. Бір жыл бойы сандалған тұрғындар осы іс бойынша аудандық поицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК 190-бабы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашып, тұрғындарды сан соқтырған әйелді ұстау мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың 11 алаяқтық дерегіне қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 3,5 миллион теңгеге жуықтайды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қолхатпен босатылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде паркингтер паналау орны ретінде қолданылмақ

Паналау орны

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылға жетеді – Энергетика министрлігі

Көмір

Екі төреші Қазақстан Премьер-лигасының матчтарынан уақытша шеттетілді

Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудова

Желіде жағымсыз пікір қалдыру жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін – Бас прокуратура

Смартфон