USD
USD
USD

118 млн теңге және көлік: БҚО-да бухгалтер 1XBet-ке бюджет қаражатын тіккен

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Бухгалтер
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Прокуратура мәліметінше, өңірдегі кәсіпорындардың бірінің лудоманияға шалдыққан бухгалтері компания қаражатын заңсыз пайдаланып, оны 1XBet букмекерлік кеңсесінде бәске тіккен. Сондай-ақ, ұрланған ақшаға жаңа автокөлік сатып алған.

«Мемлекетке келтірілген жалпы залал – 118 миллион теңге.

Бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізуде», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторына қамалып, автокөлігіне тыйым салынды.

Айта кетейік, өткен жылы Батыс Қазақстан облысында букмекерлік кеңселерде бәс тігуге қатысқаны үшін түрлі мемлекеттік органдардың 16 қызметкері жұмыстан босатылған.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы