Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

117 отбасы қоныс тойын тойлады

ҚР Конституциясы күніне орай Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған тағы бір көпқабатты үй пайдалануға берілді.

117 отбасы қоныс тойын тойлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оралдағы «Болашақ» құрылыс компаниясы салған жаңа 9 қабатты 117 пәтерлі үйге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары және кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағылар қоныстанды. Ірі панельді үй Орал қаласындағы Зачаганск кентінде орналасқан. Жаңа пәтерлердің кілттерін тұрғындарға облыс әкімі Ғали Есқалиев табыстады. Соңғы үш жылда өңірде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 227 мыңнан астам шаршы метр пайдалануға беріліп, 3568 пәтерлік 24 үй салынды. Қоныстанушылар арасында кезектегі тұрғын үйге мұқтаж жандардың келесі санаттары бар: көпбалалы отбасылар, толық емес жанұялар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырғандар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, жетім балалар, мемлекеттік қызметшілер, әскерилер, арнайы мемлекеттік органдардың және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Бүгінгі таңда 19 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. «Баспанаға «7-20-25» және басқа да тұрғын үй алуға арналған бағдарламалармен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары да қол жеткізді. Халықтың үй алу мәселесін шешу үшін мемлекеттік бағдарламаға сәйкес облыс орталығында ғана емес, әр ауданда жаңа үйлер салынуда. Осы мақсатта жер учаскелері тегін бөлінеді, құрылысқа жергілікті компаниялар тартылады, сондай-ақ жұмыс орындары ашылып, жергілікті құрылыс материалдары қолданылады. Мемлекеттің тұрғын үйге қатысты саясаты қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған», – деді аймақ басшысы.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант