USD
USD
USD

116 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған есепші ұсталды

  Талдықорған қаласындағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының есепшісі 116 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды.

116 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған есепші ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Ербол Құрманбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». 1995 жылы дүниеге келген күдіктіге аса ірі көлемдегі мемлекет қаржысын өзі қызмет еткен медицина мекемесінің 2021-2022 жылдардағы бухгалтерлік құжаттарына жалған мәлімет енгізу жолымен талан-таражға салды деген айып тағылды.

Ербол Құрманбаев, Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі:

– Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті тұлға мемлекеттік бюджеттік ақша қаражатын 116 млн теңге шамасында жымқыру дерегі бойынша күдікке ілінді. Қазіргі таңда іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Талдықорған қаласының уақытша қамау изоляторына аталған тұлға қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park