USD
USD
USD

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Президент Әкімшілігіне, Қауіпсіздік кеңесіне және Конституциялық сотқа Президенттің даулы заңға қол қоюына жол бермеуге шақырған ашық хат жолданды. Хатқа 115 мың адам қол қойған.

Ит
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қоғам белсендісі Олжас Жораев мәлімдеп, желідегі жеке парақшасында хаттың көшірмесін жариялады.

Хат авторларының пікірінше, заң қазіргі түрінде құқықтық, әлеуметтік, санитарлық-эпидемиологиялық және сыбайлас жемқорлық қауіптерін тудырады.

«Ерекше алаңдаушылық тудыратыны – заң жобасының ондаған жыл бойы өзінің тиімсіздігі мен жемқорлыққа бейімділігін дәлелдеген тәжірибені қайта заңдастыруы. Шексіз аулау қаңғыған жануарлардың пайда болу себептерін жоймайды: жануарды жауапсыз ұстау, еркін жіберу, бақылаусыз көбейту, жануар саудасы, күшіктерін тастап кету және есептің болмауы. Керісінше, бұл салдармен күресуге тұрақты түрде бюджет қаржысын жұмсауға жағдай жасайды», – делінген ашық хатта.

Үндеуге белгілі заңгерлер, ғалымдар, журналистер, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қол қойған. Олар президенттен вето қою құқығын пайдаланып, құжатты қайта қарау үшін парламентке қайтаруды сұрап отыр.

Еске салсақ, 8 сәуірде Мәжіліс «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады. Жаңа нормаларда жануарлар санын реттеу үшін эвтаназия рәсімін енгізу және ұсталған жануарларды табиғи ортасына қайта жіберуге тыйым салу қарастырылған.

Сенат заң жобасына бірқатар нақтылаушы сипаттағы түзетулер енгізгенімен, Мәжіліс ұсынған бұралқы иттерді қайтарымсыз аулау моделін қолдады

Қазір оқып жатыр

Сахнада диплом жыртқан студент бес тәулікке қамауға алынды

әкімшілік жаза

Оқу-ағарту министрлігі оқулықтарды жаңартуға байланысты мәлімдеме жасады

Оқулықтар

Сурдлимпиада жүлдегері былтыр уәде етілген баспанасын әлі алмағанын айтып, шағымданды

Дина Адамбаева

Астанада қонақ үй кәрізінен шала туған сәби табылды

шақалақ