USD
USD
USD

114 спортшыға арнайы спорттық дәрежелері берілді

Шымкент қаласы Қаратау ауданында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттар беру нормалары мен талаптары туралы" бұйрығына сәйкес аудандық комиссияның шешімімен спортшыларға арнайы спорттық разрядтар беріледі.

114 спортшыға арнайы спорттық дәрежелері берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спорттық категориялар арасында жаттықтырушылар, әдіскерлер және төрешілер бар. Ауданда 2021 жылдың шілдесіне дейін ауданның 114 спортшысына арнайы спорттық разрядтар берілді. Атап айтсақ, 2,3 разрядты спортшы, 1,2 және 3 жасөспірімдік-разрядты спортшы деген рязрядтар берілді. Сонымен бірге, жаттықтырушыларға біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы деген біліктілік берілсе, әдіскерлерге біліктілігі жоғары деңгейдегі, орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер атты біліктілік санаттары берілді.

Аталмыш бұйрыққа сәйкес спортшылар біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі деген де спорттық санат дәрежесін алды. Шымкент қаласының баспасөз қызметі

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек