USD
USD
USD

111 жасқа толған қария ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты

Австралияның ең қарт тұрғыны

111 жасқа толған қария ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Фото: NEGE.kz

Декстер Крюгер 111 жасқа толып отыр. Ол ұзақ өмір сүруге ықпал ететін тағам түрін атады. Бұл туралы The Independent басылымы хабарлаған.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, адам ұзақ өмір сүруі үшін ерекше жеңсік асты ұдайы жеу керек екен. Ол не дейсіз бе?

«Тауықтың миы. Тауықтың басы бар ғой. Оның ішінде ми бар. Ол өте тәтті нәрсе», – дейді Крюгер. Қария күн сайын креветка жеп, ұдайы ыңылдап ән салып жүреді екен.

Ұзақ жасаған австралиялықтың айтуынша, өмірде жамандықтан жақсылық көп екен. Ол екі Дүниежүзілік соғысты бастан өткеріп, Ұлы депрессияның тірі куәгері болған. Өмір бойы фермада жұмыс істеген. 86 жасқа толғанда әйелі қайтыс болыпты. Содан кейін кітап жазып, өлең шығарумен айналысқан. Крюгердің қаламынан осы уақытқа дейін 300 әңгіме туып, 12 кітап шығарып үлгерген. Қазір өз өмірі туралы кітап жазып жатыр екен.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

.

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

.

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Дональд Трамп

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Наурыз мейрамы