USD
USD
USD

110 рет қошқар көтерген қарағандылық жұртты сүйсінтті

Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайының алаңында Наурыз мейрамын тойлау кезінде ұлттық ойындардан жарыс өтті, - деп хабарлады 

110 рет қошқар көтерген қарағандылық жұртты сүйсінтті
Фото: NEGE.kz

"Индустриальная Караганда".

Алматы, NEGE. Мұнда ерлер кір тасын, тірі қошқарды көтеріп, арқан тартысқа да қатысты. Қошқар көтеру сайысында Шыңғысхан Батырхан жеңімпаз атанды, ол қошқарды 110 рет көтерген. Бұған дейін ол кір көтеру сайысында қазы мен жылқы етін ұтқан. Осыдан кейін жас жігіт жүре алмай қалған. Тізесі дірілдеп, сөйлеуге шамасы болмаған.

Тағы бір қатысушы, ағадырлық Ниетхан Төлеухан бір минутта 16 келі болатын кір тасын 54 рет көтерді.

Жарыстың барлық жеңімпазы мен жүлдегеріне ет, құрт және тәттілер түріндегі сыйлықтар берілген.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе