11 Наурыз 04:30
...

11 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы
Фото: egemen.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11 наурызда 10 өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады және екпіні күшті жел соғады, деп хабарлады.

Алматы, NEGE. Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз облыстың оңтүстігінде аздаған қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.