USD
USD
USD

«11 млн теңгеге залал келтірген» – Батыс Қазақстанда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 14 қазанда Батыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері еркін жайылымнан мал ұрлаған қылмыстық топты ұстады. Тергеу барысында ұсталғандардың бірі шаруа қожалығының басшысы ретінде ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен айналысқаны анықталды.

Күдіктілер ұрланған малды далада орналасқан арнайы қора-жайға айдап апарған. Жылқыларды жүк көліктеріне тиеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріне жөнелткен, ал ірі қара малды өз шаруашылықтарына қосқан. Қазіргі уақытта полиция топ мүшелерінің жалпы сомасы 11 миллион теңгеден асатын 49 бас малды ұрлауға қатысы бар екенін дәлелдеді. Барлық күдіктілер қамауға алынды.

«Заңнамаға сәйкес мал ұрлығы үшін 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған. Азаматтарға малдарын таңбалап, оларды қараусыз қалдырмау ұсынылады», - деді ІІМ-де.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті