USD
USD
USD

10 мың қылмыскерді түрмеден босатады

Бірақ мұндай рақымшылыққа ауыр қылмыс жасап, түрмеге түскендер, яғни, кісі өлтіргендер мен сексуалды зорлық-зомбылық жасағандар және 1 наурыз бен 5 шілде аралығында тәртіп бұзғандар ілікпейді.

10 мың қылмыскерді түрмеден босатады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Калифорния штатының басшылығы коронавирус пандемиясына байланысты осындай шара қолдануға мәжбүр болып отыр. Бұл туралы Associated Press агенттігіне сілтеме жасап, iz.ru хабарлады.

Агенттік мәліметіне қарағанда, АҚШ билігінің түзеу мекемелерін үйлестіретін басқармасы түрмеден босатуды осы аптадан бастамақ. Алдымен бұл шараға жаза мерзімінің аяқталуына 6 ай қалғандар ілігетін секілді. Алайда жоғарыда айтқанымыздай, ауыр қылмыс жасағандар мен 1 наурыздан бері түрме ішінде тәртіп бұзғандар босатылмайды. Олардың саны 108 мыңнан асады.

Нью-Йорк мэрі  Билл де Блазио наурыз айының соңындағы дәл осындай шара барысында 900 сотталушының бостандыққа шыққанын айтып отыр. Ол кезде жазасының бітуіне бір жыл ғана қалғандар қапастан босаған болатын.   

Қазір оқып жатыр

«Халықтық құрылысқа» бөлінетін 6,5 трлн теңге: Годунова қандай қауіп барын айтты

Құрылыс

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай

Оралда 272 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берген шенеунік қатаң сөгіс алды

Шенеунік

Алматыда Қырғызстан студенттерін онлайн-казиноның ақша айналымына пайдаланған

Күдікті