USD
USD
USD

10 мың қазақстандық құтқарылды

Биылғы 8 айда төтенше жағдай оқиғалары былтырға қарағанда 11 пайызға төмендеді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлім етті. 

10 мың қазақстандық құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жалпы, 8900-ден астам төтенше жағдай оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 8100-ден астамы өртке қатысты болды. 10 мыңнан астам адамды құтқару шаралары жүргізіліп, 12 мыңнан астамы қауіпсіз жерге көшірілді. Алғашқы медициналық көмек 2700-ден астам адамға көрсетілді», – деді Ю. Ильин бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде.

Жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдай оқиғаларының көбісі өрт қаупіне байланысты болды.

«2019-2020 жылдар кезеңінде тұрғын үй секторында 5 мың өрт тіркелді. Бұл өз кезегінде жалпы тұрғын үй қорының 0,2 пайызы. Жеке тұрғын үйлерде 1801 оқиға, көпқабатты үйлерде 545 өрт тіркелді. Жылу беру маусымында жергілікті атұарушы органдармен бірлесе тұрғын үйлерді есепке алып, оларды аралап шығамыз», – деді Ю. Ильин.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC