USD
USD
USD

10 мың алматылық емхана ауыстырды

Елімізде азаматтарды емханаға тіркеу науқаны аяқталды.

10 мың алматылық емхана ауыстырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтетін дәстүрлі науқан барысында 10 мыңға жуық алматылық емхана ауыстырды.

Бұл туралы бүгінгі брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлім етті.

Оның айтуынша, биылғы тіркеу науқанына 77 емхана қатысты, оның 4-еуі - жаңа. Аталған клиникалар 2021 жылдан бастап халыққа қызмет көрсете бастайды.

«Емхана ауыстырған азаматтардың 92% жеке меншік клиникаларды таңдаған. Бірақ компания нәтижесі бойынша мемлекеттік емханаларға басымдық берген тұрғындар саны едәуір көп. Алматылықтардың көпшілігі «LS clinic» ЖШС, «Макиза» ЖШС, «Асмед» ЖШС, «A CLINIC» және «Алматы қаласының Орталық отбасылық емханасы» ЖШС тіркелген», – дейді филиал басшысы.

Сонымен қатар, ол азаматтардың емхана ауыстыру құқығы дәстүрлі компаниямен шектелмейтінін атап өтті. Заң бойынша емхананы тұрғылықты мекенжайын, жұмысын немесе оқу орнын ауыстырғанда, басқа жаққа қоныс аударғанда, бұрынғы емхана жабылған немесе қызмет көрсетуді тоқтатқан жағдайда да ауыстыруға болады.

Одан бөлек, әр тұрғын жылына бір рет еркін таңдау құқығын пайдалана алады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер