USD
USD
USD

10 мың адам жұмыспен қамтылды

Мамыр айынан бастап Түркістан облысында 460 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

10 мың адам жұмыспен қамтылды
Фото: NEGE.kz

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде қолға алынған жоба аясында 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Нәтижесінде 10 313 адам еңбекпен қамтылды. Ең төменгі жалақы – 85 мың теңге. Ең көп жұмыс орындары – құрылыс саласында. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жұмыспен қамту орталықтары арқылы бос жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру қарастырылған. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың табысын арттыру. 

Жыл соңына дейін Түркістан қаласының өзінде 48 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асады. Олардың басым бөлігі қалаға ауыз су, газ, электр жүйелерін тартуға бағытталған. Аудан, қалаларда орналасқан 100-ге жуық мектепте санитарлық тораптар ретке келтіріледі. 100 шақырымдай жол жөнделіп, мемлекеттік және әлеуметтік мекемелердің ғимараттарында пандустар орнатылады.

Карантин кезінде жұмыс берушілер тарапынан қажетті санитарлық–эпидемиологиялық талаптар сақталған, қызметкерлер жеке қауіпсіздік құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында 24 925 уақытша жұмыс орындары мен 2000-нан астам тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны