USD
USD
USD

10 миллион теңгесі бар екі депозит НЕГЕ қараусыз қалды

Еуразиялық банкі бөлімшелерінде Астана Банкі салымшыларына өтем төлеу мерзімі 2020 жылдың 27 шілдесіне дейін ұзартылды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен Еуразиялық банк тиісті келісімге бүгін қол қойды.

10 миллион теңгесі бар екі депозит НЕГЕ қараусыз қалды
Фото: NEGE.kz

Банкрот болған Астана Банкі салымшыларына өтем 2019 жылғы 26 қаңтардан бастап депозиттерге кепілдік беру жүйесінің көмегімен төленіп келеді. Банк-агент ретінде Еуразиялық Банк таңдалған еді. Кепілдік беру қоры мәліметінше, салымшылар алдындағы міндеттемелердің 75%–ы төлем басталғаннан бастап алғашқы үш күнде, 95%-ы - бірінші айда өтелді. Бүгінгі таңда Астана Банкі салымшыларына 37 миллиард теңге төленді. Енді қарыздың 1 пайызы ғана төленбей қалып отыр. Олардың басым көпшілігі шотында 5 мың теңгеден аз ақша жатқан депозиттер. Олардың иелері болмашы қаржыға бола банк бөлімшесіне баруға асықпай отыр. Бірақ, бірнеше ірі депозиттің сұраусыз қалып отырғаны қорды алаңдатып отыр. 2 азамат 10 миллион теңгесі бар депозитін алмаған, 30 салымшы миллион теңгеден астам қаржы жатқан есеп-шотын ұмытып кеткен.

Еуразиялық банк Астана Банкі салымшыларын кез-келген бөлімшесінде күтеді. Егер салымшы төлем алуға жеке өтініш білдірсе, бөлімшедегі шот менеджеріне жеке басын куәландыратын құжатпен жүгіну жеткілікті, ал өтініш бланкісін сол жерде толтыруға болады. Өтінішті қараудың және ақша төлеудің ең ұзақ мерзімі - 5 жұмыс күні.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы