26 Тамыз 20:06

«102» мобильді косымшасы полицейлердің жұмысын қаншалықты жеңілдетті?

Фото:

Осы жылдың 1 ақпанынан бастап, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында халыққа ыңғайлы жаңа қызмет – «102» мобильді қосымшасы іске қосылған болатын.

Қазір ақпарат көз ілеспес жылдамдықпен таралады. Полицияның азаматтардың хабарламаларына ден қоюы да осындай тез болғаны дұрыс. Күн сайын Қазақстан бойынша полицияның жедел басқару орталықтарының операторлары 102-арнаға келіп түскен 10 мыңға жуық хабарламаға жауап береді екен. 

«102» мобильді қосымшасы туралы тұрғындар нені білу керек? Қосымшаны қалай пайдаланамыз? Nege.kz порталының сауалдарына ҚР ІІМ Штаб-Департаменті Жедел-басқару орталығының ерекше тапсырмалар жөніңдегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Қадырбай Қалыбайұлы Жұматаев жауап берді. 

Қ.Жұматаев.

– «102» мобильді қосымшасының қандай пайдасы бар? Тиімділігі неде?

 Ішкі істер министрлігі өз қызметінде цифрландыруды дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Тұрғындарға полицияны жақын және оның жұмысын қолжетімді ету үшін арыз-шағымдарды қабылдаудың көпарналы жүйесін енгізу қарастырылған.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап «POLICЕ 102» мобильді қосымшасы іске қосылған. Аталған жүйе азаматтар үшін кез-келген ыңғайлы әдіспен (қоңырау шалу арқылы, аудио-бейне жүгінулер, мәтіндік мессенджердің көмегімен) жасалған қылмыс немесе құқық бұзушылық жөнінде Жедел басқару орталығы операторына тікелей оқиға болған жерден ақпарат беруге мүмкіндік береді. Жүйе операторға абоненттің геолокациясын, сондай-ақ оқиға орнында болып жатқан жағдайды көруге мүмкіндік береді.

«POLICЕ 102» мобильді қосымшасы «AppStore» және «PlayMarket» дүкендерінде тегін жүктеп алуға болады. Ол үшін сіз жеке деректеріңізге сәйкес тіркеліп және оларды қол жетімді әдістермен растауыңыз қажет, бұдан кейін сіз ЖБО операторына бейне және аудиоқоңырау шалуды іске асыру мүмкіндігіне, сондай-ақ полицияға өтінініштеріңізді, арыз-шағымдарыңызды мәтіндік форматта фото-бейнематериалдарды қосу мүмкіндігіне ие боласыз. Бұдан былай ел азаматтары полицияға қылмыс пен құқық бұзушылық туралы ақпаратты «102» мобильдік қосымшасымен де хабарлай алады.

Тіпті операторға аудио не видеобайланыс көмегімен орналасқан жерін айтып, қашықтан шағымдануға мүмкіндік алады, сондай-ақ Facebook пен Telegram-да чат-бот арқылы жаппай хабарлама жариялау жүйесі де қарастырылған. Осылайша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік тәсілдері өзінің оң нәтижесін көрсетіп жатыр.

– «102» мобильді қосымшасы арқылы қандай қызметтерге жүгіне аламыз?

 «Полиция 102» жүйесі арқылы жасалған құқық бұзушылықтар туралы шұғыл хабарлама әртүрлі тәсілдермен (аудио, бейне немесе СМС хабарламамен) жеткізіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу, орындау барысын қарау және орындаушыдан кері байланысты алу мүмкіндігімен таңдалған тақырыптарға сәйкес арыз, шағым, өтініш беруге болады. 

Құқық бұзушылық фактілері туралы шұғыл хабарламалармен байланысты емес мәселелер бойынша халықпен жұмыс істеу үшін бағдарламаны әзірлеушілер жүйенің интерфейсіне әрбір азамат жеке кіріп, бар сұрақты қарастырып, мекен-жайға жол мүмкіндігі бар тақырыпты, мәселені таңдай алады.

Осы мәселе белгіленген қызметке, мысалы кадр қызметіне, тергеу, көші-қон қызметіне, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне және т.б. келіп түседі. Жауапты қызметкер қойылған сұраққа жауап беріп, азаматқа белгіленген мерзімдерде кері байланыс бойынша жауапты жолдайды.

– Қосымша арқылы видео қоңырау шалуға болады екен.  Ол қалай жүзеге асады?

 Кез келген жерде құқық бұзушылық пен төтенше жағдай болса, бірден осы қосымша арқылы бейнежазба мен аудиожазба немесе мәтіндік хабарламаны полицияға жолдауға болады. 

Полиция қызметкері түскен хабарламаны алып, оқиға болған жерге жедел түрде полицейлерді жібереді. Бүгінгі күнге дейін бірнеше тұрғыннан «102» мобильдік қосымшасы арқылы аудиожазба қабылданды. Ол бойынша полицейлер жедел жұмыстарды атқарып, тиісті шараларды жүргізген. Мысалы «102»-ге қоңырау шалған кезде біздің қызметкерлер: «Сіздің аты-жөніңіз, қай жердесіз, адресіңіз қандай?» деп бәрін сұрайтын, оған уақыт кететін. Қазір осы жүйе арқылы мысалы видео және аудиоқоңырау шалған кезде сіз бұрыннан бұл жүйеге тіркеліп қойғансыз, атыңыз шығады, телефон нөмеріңіз және қай жерден хабарласып жатқаныңызды қызметкерлер автоматты түрде көреді.

Жедел түрде біздің полиция экипажын және қасында біздің жаяу жүрген наряд болса, сол нарядты сізге тез жібереді. Осы категория бойынша, жана сервистік қосымша арқылы тұрғындар жасалған құқық бұзушылық немесе қылмыс туралы ақпаратты жолдай алады. Жоғарыда айтып өттім, «102» мобильді қосымшасы оқиға орнынан қысқа хабарлама, сондай-ақ фото, видео жіберуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қосымша арқылы бейнеқоңыраулар жасауға болады.

Бұл ретте қоңырау шалушының орналасқан жері автоматты түрде анықталады, ал Жедел басқару орталығының операторлары жасалған құқық бұзушылықты өз көзімен көріп, полицейлерді жедел бағыттайды. Азамат құқық бұзушылыққа және оқиғаға қатысты мәселелер бойынша ішкі істер органдарына мынадай қолжетімлі электронды форматта дербес жүгінуге құқығы бар: ҚР Ішкі істер министрлігінің қолжетімді мемлекеттік қызметтері мен сервистерін алады, электронды арызға келіп түскен жауапқа бейне және аудио байланыс арқылы алынған ақпараттық-консультациялық көмектің сапасын бағалайды.

Одан басқа, «Telegram @QZ102bot» чат-боттар арқылы, Ішкі істер министрлігінің «VKontakte» ресми аккаунтында азамат орындау барысын қарау және орындаушыдан кері байланыс алу мүмкіндігі таңдалған тақырыпқа сәйкес шағым/өтініш береді, электронды өтінішке келіп түскен жауаптың сапасын бағалайды.

– «102» мобильді қосымшасы полицейлердің қызметін қаншалықты жеңілдетті?

 «Полиция – 102» бағдарламасының жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Арыз иесі бейне арқылы жүгінген кезде құқық бұзушылық іздерді тіркеу мүмкіндігі бар, бұл одан әрі күдікті адамдарға айыптарды таққан кезде полицияның жұмысын жеңілдетеді.

Хабарлама келіп түскен кезде «102» операторы полиция қызметкерлері келгенге дейін байланыста болуы мүмкін, сонымен қатар өтініш иелеріне моральдық және психологиялық қолдау көрсетеді.

Өздерінің орналасқан орнын хабарлай алмайтын азаматтардан хабарлама келіп түскен кезде бағдарлама өтініш иесінің геолокациясын айқындау және мәліметтердің деректері бойынша полиция жасағының жылдам келуін жеңілдетті. 

– Бүгінде қосымшаны қанша адам қолданған? Ресми статистика бар ма?

– «Омниканалдық» жүйенің жұмыс істеуі уақытында 60 мыңнан астам хабарлама келіп түсті, оның ішінде (2021 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша):

  • 102 операторларының «102» мобилді қосымшасының функциясы арқылы – 36 мыңнан астам қоңырау келіп түсті (аудио – 1860, видео – 34 463) және   4 601 мәтінді хабарлама;
  • түрлі мессенджерлер Telegram, Facebook, VK, ІІМ-нің сайты арқылы өңдеуге 19 мыңнан астам мәтінді хабарлама келіп түсті;
  • «App Store» және «Play Market» қосымшалары арқылы жүктеу саны 38 мыңнан асты. 

Сонысен қатар, МП-102 және чат-боттар арқылы ІІМ мемлекеттік қызмет көрсетуді жоспарлауда.

– Қосымшаны халыққа түсіндіру жұмыстары қаншалықты жүріп жатыр?

  «POLICE 102» мобильді қосымшаның жұмысы туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, Қазақстан Республикасы ІІМ,  police.kz және тағы басқа сайттарында жарияланады.

Тегтер: