USD
USD
USD

«100 мың доллар пара алған». Жамбыл облысында шенеунік күдікке ілінді

Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бұрынғы басшысы 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

«100 мың доллар пара алған». Жамбыл облысында шенеунік күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Тараз. NEGE.  Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бұрынғы басшысына қатысты аса ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеуін аяқтады.

"Ол салықтық тексерісті уақтылы және кедергісіз аяқтап отырғаны және МКД тарапынан басқа кәсіпорындардың коммерциялық қызметін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді.

Соталды тергеу аяқталғаны хабарланды, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды", - деді аса маңызды істер бойынша тергеуші.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті