USD
USD
USD

100 адам жинап той жасаған

Қызылорда қаласында жергілікті тұрғын аулада 100-ге тарта адам жиналған үйлену тойын өткізбек болған. Оқиға Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылында тіркелді.

100 адам жинап той жасаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ауыл тұрғыны аулада үйлену тойын өткізбек болған. Оған 100-ден астам адам жиналған. Той қалалық мобильді топтың араласуымен тоқтатылды. «Мобильді топ құрамында қалалық прокуратура, қалалық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, қала әкімдігі, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бар», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы әкімдігінен.

Мамандар бүгінге дейін қала аумағында орналасқан 9 мыңға жуық нысанды аралады. Карантин талаптарын сақтамаған 160 нысанға қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тиісті анықтама жолданды. Оларға тиісті шара қабылданды. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында карантин талаптарын сақтамаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны