USD
USD
USD

«100 жаңа оқулық» жобасы жалғаса ма?

Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов Үкімет отырысында «100 жаңа оқулық» жобасын жалғастыруды ұсынды. Бұл жайында ҚазАқпарат жазды. 
«100  жаңа оқулық» жобасы жалғаса ма?
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Биыл «100 жаңа оқулық» жобасы аяқталды. Бұл жоба жастарды әлемдегі таңдаулы ғылым, мәдениет үлгілерімен таныстыруға мүмкіндік берді. Осыған орай қазақ тілінде академиялық әдебиет шығару бастамасын жалғастыруды ұсынамыз. Барлық тараптардың пікірін толығымен ескеретін білім беру саясатын іске асыру арқылы Қазақстанда жоғары білімнің бәсекеге қабілетін өсіруге болатынына сенімдіміз», - дейді Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті,

Сондай-ақ, ол қашықтан оқыту процесін заңмен реттеу керектігін атап өтті.

«Жоғары білімнің деңгейі кәсіби стандарттармен қамтамасыз етілмей отыр. Бұл ретте білікті кадр даярлау жайында айту қиын. Сондықтан кәсіби тізімін кеңейтуді қарастыру сөзсіз қажет. Қашықтан оқыту - өмір шындығы. Оны бүкіл әлем іске асырып жатыр. Оның маңызын пандемия кезінде жақсы түсіндік. Сондықтан бұл процесті заңнамалық тұрғыдан реттеу қажет», - деп қосты Рахман Алшанов.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе