USD
USD
USD

10 магнит жұтып қойған: сәбидің өліміне қатысты дәрігерлердің үстінен іс қозғалды

Рудныйда үш жасар бала 10 магнит жұтып қойған.

Дәрігер
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілгеннен кейін қайтыс болды. Арада бір ай өткен соң дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Facebook-те осы іспен айналысатын адвокат Дамир Хамитов мәлімдеді.

Енді полицейлерде сотқа дейінгі тергеуді бастауға барлық негіз бар, деп атап өтті ол.

«Қостанай қаласының солтүстік полиция бөлімінде 10 магнит жұтып қойған кішкентай Сашаның өліміне қатысты дәрігерлердің үстінен қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі бойынша ЕҚДБ-да қылмыстық істі тіркеуге қол жеткізді. Енді тергеу сот-медициналық сараптама және фармацевтикалық бақылау комитетінің қорытындысы негізінде тиісті медициналық көмек көрсетпеген дәрігерлер жағына жүргізілетін болады. Кінәлілер баланың өлімі үшін жазалануы керек!» - деп жазды заңгер.

Хамитов Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті өлім фактісі бойынша тексеру жүргізгенін және «баланың өңешіндегі бөгде зат», «сепсис», «перитонит» диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамалары бұзылған түрде балаға медициналық көмек көрсетілгенін анықтады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог

Доллар бағамы қайта өсті: теңге неге әлсіреді?

Халықаралық банктен қарыз тарту

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026