USD
USD
USD

10 249 референдум учаскесінде дауыс беру басталды

Азаматтардың тізімдерінде 12 244 683 адам бар.

АЭС
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров елдің барлық өңірінде Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум басталғанын ресми мәлім етті.

«ҚР Орталық референдум комиссиясы облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес, сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 249 учаске дауыс беруге кіріскенін хабарлайды. 84 учаскеде аумақтық комиссиялардың шешімдеріне сәйкес, дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды», – деді ол.

«Олардың ішінде 10 623-і дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алды. Барлығы 10 323 референдум учаскесі бар. Оның ішінде шетелде 47 учаске бар. Бір сағаттан кейін шетелдердегі учаскелердің ашылуы туралы ақпарат ұсынылады. Орталық референдум комиссиясы сағат10.00-ден бастап екі сағат сайын азаматтардың референдумға қатысуы туралы хабарлап отырады», – деді Константин Петров.

Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды: «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев