USD
USD
USD

10-11 қарашада Абу-Дабиде АҚШ, Украина мен Ресей тараптары келіссөз жүргізеді

10-11 қарашада Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында АҚШ, Украина мен Ресей тараптарының қатысуымен жұмыс деңгейіндегі келіссөздер өтеді. 

тулар
Фото: ЖИ арқылы әзірленді

Астана, NEGE. Бұл жөнінде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф хабарлады. Оның мәлімдеунше, келіссөздерде соғыстан кейінгі қауіпсіздік шаралары, әскери шиеленісті бәсеңдету, гуманитарлық мәселелер және бейбіт келісімге қол жеткізудің келесі қадамдары талқыланады.

«АҚШ тарапы Киев, Осло және Санкт-Петербургте қол жеткізілген нәтижелерге сүйене отырып, ұзақ мерзімді бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жан-жақты келісімге қол жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді», – деп жазды Уиткофф Х желісінде.

Сонымен қатар ол осы аптада америкалық келіссөз жүргізушілер Брюссельде Франция, Германия, Ұлыбритания, Еуропалық одақ және НАТО өкілдерімен кездесетінін атап өтті. Кездесуде Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері, соғыстан кейінгі Еуропаның қауіпсіздік жүйесі және Украинаны қалпына келтіруге қажетті экономикалық мүмкіндіктер талқыланбақ. 

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі дрон шабуылынан кейін Атырау – Самара құбыры арқылы мұнай тасымалы қайта жанданды

Мұнай құбыры

Польша Ресеймен шекарада диверсия қаупіне байланысты арнайы операция бастады

әскери адам

Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасының екінші кезеңіне өтінім қабылдауды бастады

Отбасы банк

Маңғыстауда теміржол өткеліне шығып кеткен жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

Тепловоз бен жүк көлігі