USD
USD
USD

1 тамыздан бастап Tarlan Astana желісінде тарифтер жүйесі енгізіледі

City Transportation Systems компаниясы 1 тамыздан бастап жолаушылардың ыңғайлылығы үшін Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінде тарифтер жүйесі енгізілетінін хабарлады.

ЛРТ
Фото: City Transportation Systems

Астана, NEGE. Бір реттік жол жүру құны өзгеріссіз 200 теңге болып қала береді. Компания өкілдерінің хабарлауынша, тарифтер мерзімі мен сапарлар саны бойынша ерекшеленеді.

Мерзімдік тарифтер:

  • 1 күн – 500 тг;
  • 3 күн – 1 500 тг;
  • 5 күн – 2 500 тг;
  • 10 күн – 4 000 тг;
  • 15 күн – 5 000 тг;
  • 1 ай – 7 500 тг;
  • 3 ай – 20 000 тг.

    Белгіленген сапарлар саны бар тарифтер:
  •  5 сапар – 900 тг;
  • 10 сапар – 1 800 тг;
  • 20 сапар – 3 500 тг;
  • 30 сапар – 5 000 тг.

Айлық жол жүру тарифі айдың 15-не дейін сатып алынған жағдайда тариф сол айдың соңына дейін жарамды болады. Ал айдың 15-нен кейін сатып алынса, бұл тарифті келесі айдың 1-нен бастап қолдануға болады.

Тариф сатып алынған күнтізбелік ай ішінде, яғни айдың 1-нен 30/31-іне дейін жарамды.

Күндік жол жүру және белгіленген сапар саны бар тарифтер алғашқы валидация сәтінен бастап іске қосылады.

Сондай-ақ компания өкілдері тарифтерді Tarlan Astana стансаларындағы кассалардан сатып алуға болатынын және тариф Tarlan Astana көлік карталарына жүктелетінін хабарлады.

Картадағы теңгерімді Tarlan Astana стансаларындағы кассада немесе терминалда тексеруге болады.

«Көлік картасы жоғалған жағдайда белсендірілген тарифтер қалпына келтірілмейді және басқа көлік картасына ауыстырылмайды», – делінген хабарламада.

Бұған қоса тарифтерді Астана қалалық автобус желісімен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатқаны мәлім болды.

Қазір оқып жатыр

Алматы жүргізуші куәлігінен айыру туралы талап-арыздар саны бойынша көш бастады

жолдағы жылдамдық

Алғашқы дебаттың фавориті анықталды: саяси партиялардың алғашқы пікірсайысы қалай өтті?

дебат

Балқаш көліне көлікпен кірген Mercedes-Benz жүргізушісі 10 тәулікке қамалды

қауіп

«Бұл өмірде ешкімге жеңілдік берілмейді»: протезбен жаттығатын бодибилдер шабытты қайдан алады?

Әділет Закиев