USD
USD
USD

1 тамыздан бастап Қазақстанда темекі қымбаттады

1 тамыздан бастап Қазақстанда темекі мен темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы көтерілді.

темекі
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Тиісті өзгеріс 22 шілдеде Қаржы министрінің бұйрығымен енгізілді.

«2026 жылғы 1 тамыздан бастап сүзгісі бар және сүзгісіз темекінің, папиростың, сигарилланың және қыздырылатын темекі өнімдерінің 20 даналық қаптамасының ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1 060 теңге болып бекітілсін», – делінген бұйрық мәтінінде.

Бұл ең төменгі баға 2026 жылдың соңына дейін қолданылады.

Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы 1 120 теңгеге дейін көтеріледі.

Айта кетсек, бұған дейін, яғни 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі баға 970 теңге болып белгіленген еді.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram