USD
USD
USD

1 тамыздан бастап ChatGPT-ге жазылу құны қымбаттайды

2025 жылғы тамыз айынан бастап OpenAI компаниясы Қазақстандағы ChatGPT Plus қызметіне жазылу бағасына қосылған құн салығын (ҚҚС) қоса есептейтінін хабарлады.

ChatGPT
Фото: ChatGPT

Алматы, NEGE. Қазіргі 12% ҚҚС мөлшерлемесіне сәйкес, жазылу бағасы айына 20 доллар болатын. Енді ол 22,40 долларға дейін өседі.

OpenAI-дың хабарлауынша, егер заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер аккаунттың салық деректерінде БСН-дерін 1 тамызға дейін көрсетсе және ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген болса, қосымша төлемнен босатылуы мүмкін. Әйтпесе ҚҚС автоматты түрде жазылым бағасына қосылады.

Айта кетейік, мамыр айында Мемлекеттік кірістер комитеті OpenAI компаниясының Қазақстанда ҚҚС төлеуші ретінде тіркелгенін мәлімдеген еді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдан бастап елде ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ға дейін өседі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы