USD
USD
USD

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Биылдан бастап 1-сыныпқа құжаттар 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында қабылданады.

Сынып
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 1-сыныпқа құжат тапсыру мерзімі қайта қарастырылғанын хабарлады.

Бұған дейін құжат тапсыру 1 сәуірден басталатын. Дәл осы кезеңде мектептерде сабақ жүріп жататындықтан, министрдің сөзінше, бұл мектеп басшылығы мен мұғалімдерге және IT саласының мамандарына құжат қабылдау процесін тиімді ұйымдастыруға кедергі келтіріп келген.

«Оқу процесімен қарбаласып жатқан кезде 1-сыныпқа құжат қабылдауды тиімді ұйымдастыру мүмкін болмай қалған кезеңдерді жақсы білеміз. Осындай келеңсіз жайттарға жол бермеу үшін биыл біз 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімін өзгерттік. Енді 1-сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі», – деп мәлімдеді Сүлейменова желідегі парақшасында.

Құжаттарды тіркейтін базаның бірнеше мәрте сынақтан өткізілгенін айтқан министр «ата-аналарға қолайлы болатын барлық жағдайды жасадық» деп сендірді.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев