USD
USD
USD

1 млн-нан астам ауыл тұрғыны жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді – Қазақтелеком

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин Үкімет отырысында әлеуметтік нысандар мен ауылдық аумақтарды интернетпен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Ауыл
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, кеңес кезінен келе жатқан мыс кабельдерін түгелдей шыны-талшықты желіге ауыстыру мақсатындағы «Тазарту» жобасы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар аясында 340 мың абонент жаңа желіге көшірілді.

«Одан басқа "Сапа+" жобасы аясында биыл тұрғын үйлер мен пәтерлерде 360 мың роутер жаңартылып, заманауи жылдамдығы жоғары интернетке қолжеткізуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ елімізде бұрын болмаған үш мыңнан астам ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосу "Ауылline" жобасы аясында басталып кетті. Ол ЖИ министрлігінің көмегімен жүзеге асуда. 1,5 жылдың ішінде 500-ден астам жерде Amazon, StarLink сияқты жер серіктестері арқылы интернетке қосылатын болса, 2500 ауылға дейін шыны-талқышты желі тартылмақ. Жоба аясында 5 мыңнан астам мектеп, денсаулық сақтау нысандары және мемлекеттік мекемелер желіге қосылады. Ал ең бастысы 1 млн-нан астам ауыл тұрғыны жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізбек»,

— деді Бағдат Мусин.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік