USD
USD
USD

1 миллион теңге ұтып алдыңыз: Астанада алаяқтық жасаған 24 жастағы қыз анықталды

Астана полицейлері тұрғындарды “ұтыс ойынынан 1 миллион теңге ұтып алдыңыз” деп алдап, ақшасын жымқырған алаяқты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Телефон
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Интернет-алаяқтықтың құрбаны болған елорда тұрғындары полицияға арызбен жүгінген. Тергеу барысында Алматы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы қызды анықтады.

Ол Instagram әлеуметтік желісінде жалған аккаунтта жарияланған ұтыс ойынына қатысқан жәбірленушілерге қоңырау шалып, олардың 1 млн теңге ұтып алғандығын хабарлаған. Бірақ оны алу үшін комиссия ретінде белгілі бір соманы төлеу керек деп алдаған. Жәбірленушілер 15 600 теңге мен 18 400 теңге көлемінде ақшалай қаражат жіберген. Алайда іс жүзінде ешқандай ұтыс ойыны болмаған.

Қазіргі уақытта қыз интернет-алаяқтықтың 30 фактісі бойынша күдікке ілінген.

Аталған фактіге қатысты алаяқтық бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж