31 Мамыр 16:43
...

1 маусымда елордада Astana Half Marathon өтеді: бірнеше көше уақытша жабылады

Марафон
Фото: ғаламтордан

1 маусым күні елордада төртінші рет Astana Half Marathon жарысы өтеді. Аталған шара кезінде қала көшелерінің бірқатарында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

АСТАНА, NEGE. Биылғы марафонға 30-дан аса елден 8 мыңға жуық қатысушы тіркелген. Жүгіру бағыты Тәуелсіздік алаңынан басталып, «Архар» мен «Сығанақ-Мәңгілік Ел» көпірлері арқылы өтеді. Қатысушылар Акорда, Есіл жағалауы, Бәйтерек, Abu Dhabi Plaza және EXPO маңынан өтеді.

Жол қозғалысы кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі, ал сағат 10:00-ге дейін толық ашылады.

Көлік қозғалысы шектелетін уақыттар мен көшелер тізімі:

31 мамыр 06:00 – 1 маусым 11:00: Тәуелсіздік даңғылы, Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін;

1 маусым 06:50 – 08:30: Сарайшық көшесі, Р. Қошқарбаев даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін;

07:00 – 07:50: Д. Қонаев көшесі, Ақмешіттен Қазақ радиосы көшесіне дейін;

07:00 – 07:50: Қазақ радиосы көшесі, Д. Қонаевтан Достық көшесіне дейін;

07:00 – 07:50: Достық көшесі, Қазақ радиосынан Ақмешітке дейін;

07:00 – 08:50: Ақмешіт көшесі, Сарайшықтан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін;

07:00 – 08:50: Ақмешіт көшесі, Бұқар жыраудан Түркістан көшесіне дейін (EXPO айналасы);

07:40 – 09:25: Түркістан көшесі, Ақмешіттен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін;

07:45 – 09:40: Түркістан көшесі, Керей, Жәнібек хандардан Сығанақ көшесіне дейін;

07:50 – 09:45: Сығанақ көшесі, Түркістаннан И. Панфилов көшесіне дейін;

08:00 – 09:55: И. Панфилов көшесі, Ш. Қалдаяқовтан Тәуелсіздік даңғылына дейін;

08:20 – 09:50: Ж. Нәжімеденов көшесі, Ш. Қалдаяқовтан Тәуелсіздік даңғылына дейін;

08:00 – 09:55: Тәуелсіздік даңғылы, И. Панфиловтан Ж. Нәжімеденовке дейін.

Старт алаңына жеке көлікпен келгісі келетіндерге арналған балама бағыттар:

Тәуелсіздік даңғылы арқылы Р. Қошқарбаев даңғылына дейін;

«Нұрлы жол» теміржол вокзалы жағынан Ж. Нәжімеденов көшесімен;

Әл-Фараби даңғылы арқылы И. Панфилов көшесіне дейін.

Маңызды ескерту: Тәуелсіздік алаңындағы старт қалашығы маңындағы автотұрақтар жұмыс істемейді. Осыған байланысты қатысушыларға қоғамдық көлікпен келу ұсынылады — ең жақын автобус аялдамасы қиылыстар маңында орналасқан.