1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа Тамақтану стандарты енгізіледі

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарында жаңа Тамақтану стандарты енгізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында айты.
Алматы, NEGE. Стандарт дұрыс тамақтануға қойлатын заманауи халықаралық талаптарды ескере отырып әзірленген және қантты тұтынуды 3,6 есеге дейін, тұзды 5 есеге дейін азайтуды, сондай-ақ көкөністер, жемістер мен сүт өнімдерін тұтынуды арттыруды көздейді.
Стандартта сондай-ақ шағын жинақты мектептерде, буфеттерде тамақтануды ұйымдастыруға және арнайы диеталық қажеттіліктері бар балалардың тамақтануына қойылатын талаптар қамтылған.
Алғаш рет «Жеуге жарамсыздық индексі» енгізілді. Ол балалардың тамақтануға қанағаттану деңгейін анықтау және мектепте тамақтануды ұйымдастыру жүйесінің тиімділігін бағалау үшін қажет.
«Тамақтану стандартын іске асыру аясында бірнеше нұсқада мектепте тамақтануға арналған үлгілік стандартты ас мәзірі әзірленді, алғаш рет ыстық тағам әзірлеуге мүмкіндігі жоқ шағын жинақты мектептерге арналған мәзір жасалды»,
— деді Ақмарал Әлназарова.