USD
USD
USD

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

1 қыркүйектен бастап Алматыда бензинмен, газбен және дизель отынымен жүретін автокөліктердің экологиялық нормативтерге сәйкестігін анықтау үшін техникалық тексеру енгізіледі.

техникалық тексеру
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. LEZ жобасының үйлестірушісі Дулат Маратовтың айтуынша, техникалық тексеруден өту автокөлікті кезекті жоспарлы техникалық байқаудан өткізудің міндетті шарты болады. Сондай-ақ ол техникалық байқау мен техникалық тексеру екі бөлек рәсім екенін нақтылап өтті.

«Міндетті техникалық байқау автокөліктің жалпы жағдайын тексеруге бағытталған. Ал техникалық тексеру тек ҚР СТ 1433-2023 стандартына сәйкес шығарындылар деңгейін өлшеуге арналған. Бензинмен және газбен жүретін автокөліктерден пайдаланылған газдың уыттылығы, ал дизельді көліктерден түтін шығару деңгейі тексеріледі», – деп түсіндірді ол брифингте.

Оның сөзінше, жаңа талап күшіне енгеннен кейін экологиялық тексеруден өтпей, кезекті жоспарлы техникалық байқаудан өту мүмкін болмайды. Сонымен қатар жаңа тәртіп кезекті техникалық байқау мерзімі 2026 жылы 1 қыркүйектен кейін келетін автокөліктерге ғана қолданылады.

«Егер автокөлік 1 қыркүйекке дейін техникалық байқаудан өтсе, берілген құжат белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады. Техникалық байқаудан қайта өтудің немесе техникалық тексеруден алдын ала өтудің қажеті жоқ», – делінген түсіндірмеде.

Техникалық тексеру сертификатталған жабдықпен қамтылған және бірыңғай жүйеге қосылған аккредиттелген станцияларда ғана жүргізіледі. Бұл ретте автокөлік иесі аккредиттелген станцияда қалауы бойынша техникалық тексеруден де, техникалық байқаудан да өте алады.

Техникалық тексеру жүргізуге рұқсат берілген станциялардың тізімі almaty-parking.kz сайтында жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино

ORDA желілік басылымы 1 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтатпақ

Orda.kz

ҚФФ төрешілердің бірін футбол жарыстарынан шеттетті

Төреші